Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Үлкен шаhардың шамдары: коронавирус Еуропаның түнгі өмірін қалай өзгертті – фото

Жазылу
Коронавирус әлем келбетін өзгертті. Алайда, адамдар ештеңеге және ешқандай шектеуге қарамастан, өз тіршілігін әрі қарай жалғастыруда. Себебі олар үшін өзгелермен сөйлесу, әңгімелесу әлі де маңызға ие

Дәстүрлі түрде кешкілік уақытын мейрамханаларда, пабтарда және түнгі клубтарда өткізетін Еуропа тұрғындары пандемия кезінде үйлері мен пәтеріне қамалуға мәжбүр болды.

Карантиндік шектеулер жеңілдетілген кезде, олар аздаған тыйым салуларға қарамастан, бұрынғы өмір салтына қуана қайта оралды.

Коменданттық сағат жарияланған түрлі елдерде түсірілген фотосуреттерде, маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптары енгізілген пандемия кезіндегі кешкілік қала өмірі бейнеленген.

Оқи отырыңыз: Жұлдызды аспан: жер шарының әр түкпірінен түсірілген 10 таңғажайып сурет

Ал Қазақстанда кинотеатрлар мен мейрамханаларға, бассейндерге және фитнес-залдарға шектеулер енгізілген. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған, ал спорттық және мәдени шаралар көрерменнің қатысуынсыз өткізіліп келеді.

© AP Photo / Francois MoriДемалыс күндерінің алдында, коменданттық сағат енгізілгенге дейінгі Париждегі мейрамханалардың бірінің террасасында отырған ерлі-зайыптылар. Франция астанасында қазан айының ортасынан бастап коменданттық сағат жарияланды, ол төрт аптаға дейін созылады.
Пара на террасе в одном из ресторанов Парижа незадолго до наступления комендантского часа - Sputnik Қазақстан
1/14
Демалыс күндерінің алдында, коменданттық сағат енгізілгенге дейінгі Париждегі мейрамханалардың бірінің террасасында отырған ерлі-зайыптылар. Франция астанасында қазан айының ортасынан бастап коменданттық сағат жарияланды, ол төрт аптаға дейін созылады.
© AP Photo / Alessandra TarantinoМейрамхана қожайыны Римдегі Трастевер ауданында орналасқан бос мекемедегі үстел басында отыр, мұнда да коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында шектеу шаралары қарастырылған. Римде қосымша шектеулер енгізілді. Түн ортасында мейрамханалар мен барлар жабылады. Тамақтану орындарында алтыдан астам адам бір үстел басында отыра алады. Басқа көптеген мекеме кешкі алтыға дейін жұмыс істейді.
Мужчина на террасе пустого ресторана в Риме, Италия - Sputnik Қазақстан
2/14
Мейрамхана қожайыны Римдегі Трастевер ауданында орналасқан бос мекемедегі үстел басында отыр, мұнда да коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында шектеу шаралары қарастырылған. Римде қосымша шектеулер енгізілді. Түн ортасында мейрамханалар мен барлар жабылады. Тамақтану орындарында алтыдан астам адам бір үстел басында отыра алады. Басқа көптеген мекеме кешкі алтыға дейін жұмыс істейді.
© AP Photo / Pavel GolovkinҚорғаныш маскасын киген бармен Мәскеудегі "Стрелка" барында коктейль жасап жатыр. Мәскеу коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Ресейде бірінші орында тұр. Соңғы уақытта вирустың тіркелу көрсеткіші артып келеді. Қалада жұқтырудың 419 196 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте 5 268 адамда коронавирус індеті анықталды.
Бармен в медицинской маске в московском баре Стрелка - Sputnik Қазақстан
3/14
Қорғаныш маскасын киген бармен Мәскеудегі "Стрелка" барында коктейль жасап жатыр. Мәскеу коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Ресейде бірінші орында тұр. Соңғы уақытта вирустың тіркелу көрсеткіші артып келеді. Қалада жұқтырудың 419 196 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте 5 268 адамда коронавирус індеті анықталды.
© AP Photo / Vadim GhirdaБухарест көшесінде Бэтменнің киімін киген адам скутермен сырғанап келе жатыр. Бухарест коронавируске байланысты жағдай нашарлағандықтан, мейрамханаларды, ойын-сауық орындарын жауып, барлық оқушыларды қашықтықтан оқу режиміне ауыстыруда.
Мужчина в костюме супермена едет на скутере по улице Бухареста, Румыния - Sputnik Қазақстан
4/14
Бухарест көшесінде Бэтменнің киімін киген адам скутермен сырғанап келе жатыр. Бухарест коронавируске байланысты жағдай нашарлағандықтан, мейрамханаларды, ойын-сауық орындарын жауып, барлық оқушыларды қашықтықтан оқу режиміне ауыстыруда.
© AP Photo / Emrah GurelЫстамбұлдағы Таксим алаңына жақын жердегі мейрамханалардың, кейбірінің көп үстелі бос қалған бірқатар тамақтану орындарының көрінісі. "Біз бірінші толқынның екінші шырқау шегін бастан өткеріп жатырмыз. Эпидемия өсіп барады", – деді Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Вид сверху на рестораны в Стамбуле, Турция  - Sputnik Қазақстан
5/14
Ыстамбұлдағы Таксим алаңына жақын жердегі мейрамханалардың, кейбірінің көп үстелі бос қалған бірқатар тамақтану орындарының көрінісі. "Біз бірінші толқынның екінші шырқау шегін бастан өткеріп жатырмыз. Эпидемия өсіп барады", – деді Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
© AP Photo / Petr David JosekМонах әйел Прагадағы бос қалуға шақ қалған ескі қала алаңдағы астрономиялық сағаттың жанынан өтіп бара жатыр. 28 қазаннан бастап Чехия үкіметі коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты азаматтардың кешкі 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейін еркін жүруіне тыйым салатын коменданттық сағат енгізді.
Монашка на пустой Староместской площади в Праге, Чехия  - Sputnik Қазақстан
6/14
Монах әйел Прагадағы бос қалуға шақ қалған ескі қала алаңдағы астрономиялық сағаттың жанынан өтіп бара жатыр. 28 қазаннан бастап Чехия үкіметі коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты азаматтардың кешкі 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейін еркін жүруіне тыйым салатын коменданттық сағат енгізді.
© AP Photo / Alastair GrantЛондондағы Олд Комптон-стриттің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде бетперде киген даяшылар өз клиенттеріне қызмет көрсетіп жатыр. Лондондағы жағдай да нашарлап барады. Бұл қала Үкіметтің қауіпті қалалар тізіміне енгізілген. Лондон мэрі Садик Хан Лондонның бетбұрысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын мәлімдеді.
Официанты в медицинских масках на пешеходной части Олд-Комптон-стрит в Лондоне, Великобритания - Sputnik Қазақстан
7/14
Лондондағы Олд Комптон-стриттің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде бетперде киген даяшылар өз клиенттеріне қызмет көрсетіп жатыр. Лондондағы жағдай да нашарлап барады. Бұл қала Үкіметтің қауіпті қалалар тізіміне енгізілген. Лондон мэрі Садик Хан Лондонның бетбұрысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын мәлімдеді.
© AP Photo / Michael ProbstФранкфурттегі Альт-Заксенхаузен ауданындағы мерекелік кешке арналған бардың алдында жалғыз ер адам отыр. 10 қазаннан бастап дүкендердің, барлардың, мейрамханалар мен түнгі клубтардың жұмысына сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тыйым салынды. Осы уақыт аралығында үй-жайларда ғана емес, ашық жерлерде де бес адамнан артық адамдардың шоғырлануына тыйым салынған.
Мужчина на террасе бара на пустой площади в районе Альт-Заксенхаузен во Франкфурте, Германия - Sputnik Қазақстан
8/14
Франкфурттегі Альт-Заксенхаузен ауданындағы мерекелік кешке арналған бардың алдында жалғыз ер адам отыр. 10 қазаннан бастап дүкендердің, барлардың, мейрамханалар мен түнгі клубтардың жұмысына сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тыйым салынды. Осы уақыт аралығында үй-жайларда ғана емес, ашық жерлерде де бес адамнан артық адамдардың шоғырлануына тыйым салынған.
© AP Photo / Darko VojinovicАдамдар Белградтың орталығындағы лық толы кафелер мен клубтар орналасқан көшеде кетіп барады. Бұл ел жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Мұны Сербияның басқа еуропалық мемлекеттерден айырмашылығымен – локдаунды толық енгізуге жол бере алмайтындығымен және өз экономикасы мен жұмыс орындарын сақтап қалуы қажеттігімен түсіндіріп отыр. Ел президенті Вучич карантиннің мемлекет "қатты тұйыққа тірелген" жағдайда ғана енгізілетіндігін атап өтті.
Прохожие в медицинских масках на заполненной кафе и клубами улице в центре Белграда, Сербия - Sputnik Қазақстан
9/14
Адамдар Белградтың орталығындағы лық толы кафелер мен клубтар орналасқан көшеде кетіп барады. Бұл ел жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Мұны Сербияның басқа еуропалық мемлекеттерден айырмашылығымен – локдаунды толық енгізуге жол бере алмайтындығымен және өз экономикасы мен жұмыс орындарын сақтап қалуы қажеттігімен түсіндіріп отыр. Ел президенті Вучич карантиннің мемлекет "қатты тұйыққа тірелген" жағдайда ғана енгізілетіндігін атап өтті.
© AP Photo / Markus SchreiberАдамдар Берлиндегі Музей аралының колоннадаларында Харальд Хертельдің Jam Swingers би кешіне жиі барады. 10 қазанда сағат 00:00-ден бастап Берлинде түнгі уақытта алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салынған, ал мейрамханалар мен барлар 23:00-ден кешіктірілмей, жабылуы қажет.
Люди танцуют под открытым небом на территории Музейного острова в Берлине, Германия - Sputnik Қазақстан
10/14
Адамдар Берлиндегі Музей аралының колоннадаларында Харальд Хертельдің Jam Swingers би кешіне жиі барады. 10 қазанда сағат 00:00-ден бастап Берлинде түнгі уақытта алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салынған, ал мейрамханалар мен барлар 23:00-ден кешіктірілмей, жабылуы қажет.
© AP Photo / Alessandra TarantinoРимдегі Кампо-де-Фьоридегі бос қалған мейрамхананың сыртында танымал мейрамханалар мен пабтардың жабылуына наразылық білдіретін белгі ретінде кресттің суреті ілініп тұр. Италия полициясы Римнің орталығында наразылық білдірушілерді тарату үшін су бүріккіш құрылғыларды қолданды. Рим тұрғындары Италия үкіметінің коронавируспен күрес жүргізу мақсатында қабылдаған жаңа шараларына қарсы митинг өткізді.
Крест у пустого ресторана, нарисованный в знак протеста против закрытия площади Кампо-деи-Фиори в Риме, Италия - Sputnik Қазақстан
11/14
Римдегі Кампо-де-Фьоридегі бос қалған мейрамхананың сыртында танымал мейрамханалар мен пабтардың жабылуына наразылық білдіретін белгі ретінде кресттің суреті ілініп тұр. Италия полициясы Римнің орталығында наразылық білдірушілерді тарату үшін су бүріккіш құрылғыларды қолданды. Рим тұрғындары Италия үкіметінің коронавируспен күрес жүргізу мақсатында қабылдаған жаңа шараларына қарсы митинг өткізді.
© AP Photo / Emilio MorenattiЖаяу жүргіншілер Барселонадағы Лас-Рамблас бульвары бойымен жүріп келеді. Бұл жерлердегі террассалар, мейрамханалар мен барлар жабық. 2020 жылдың жазында Барселона шетелдік саяхатшыларды қайта қабылдай бастады, бірақ қыркүйек айына қарай туристік ағын былтырғы жылмен салыстырғанда 77%-ке төмендеді. Қазір Испания COVID-19-дың екінші толқынын бастан кешіруде, бұл туризм секторының жұмысын одан әрі қиындатып отыр.
Прохожие в медицинских масках на улице Рамбла в Барселоне, Испания  - Sputnik Қазақстан
12/14
Жаяу жүргіншілер Барселонадағы Лас-Рамблас бульвары бойымен жүріп келеді. Бұл жерлердегі террассалар, мейрамханалар мен барлар жабық. 2020 жылдың жазында Барселона шетелдік саяхатшыларды қайта қабылдай бастады, бірақ қыркүйек айына қарай туристік ағын былтырғы жылмен салыстырғанда 77%-ке төмендеді. Қазір Испания COVID-19-дың екінші толқынын бастан кешіруде, бұл туризм секторының жұмысын одан әрі қиындатып отыр.
© AP Photo / Peter DejongЖүрек бейнесіндегі қызыл шар Амстердамдағы бос қалған Қызыл шамдар ауданында әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырып тұр.
Красное сердце с напоминанием соблюдать социальную дистанцию в почти пустом квартале красных фонарей в Амстердаме, Нидерланды - Sputnik Қазақстан
13/14
Жүрек бейнесіндегі қызыл шар Амстердамдағы бос қалған Қызыл шамдар ауданында әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырып тұр.
© AP Photo / Andreea AlexandruӘртіс Бухаресттің ескі ауданындағы мейрамханаларда отырған адамдар алдында өнер көрсетіп жатыр.
Уличный артист и посетители ресторана в старой части Бухареста, Румыния - Sputnik Қазақстан
14/14
Әртіс Бухаресттің ескі ауданындағы мейрамханаларда отырған адамдар алдында өнер көрсетіп жатыр.
Жаңалықтар
0