НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Ақтаулықтар әлеуметтік желіде аспандағы ерекше құбылыс – галоның (шеңбер) фото және видеосын жариялап жатыр.
Ақтаулықтар әсерлі табиғат ғажайыбына куә болды, деп жазды жергілікті "Лада" басылымы.
Гало – бұл жарық көзінің айналасында екінші жарқылдың (шеңбер, сақина, доға түрінде) көрінуі. Ол әдетте Күн немесе Айдың айналасында, кейде көше шамдары сияқты басқа да күшті жарық көздерінің айналасында пайда болады. Галоның түрі көп.
Шілде айында Қарағанды облысының тұрғындары аспандағы ерекше, сопақ пішінді бұлттарды байқаған болатын.
Кейінірек Қазгидромет бұл орамды бұлттар (volutus) немесе таңғы глория деп түсіндірді.