Өңірлер

Ақтаулықтар аспандағы ерекше құбылысты видеоға түсірді

© Sputnik / Абзал КалиевСентябрьское полнолуние в Нур-Султане
Сентябрьское полнолуние в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар шеңбер тәрізді табиғи құбылысты – жарық көзі айналасындағы екінші жарқылды байқады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Ақтаулықтар әлеуметтік желіде аспандағы ерекше құбылыс – галоның (шеңбер) фото және видеосын жариялап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ (@ladakz)

Ақтаулықтар әсерлі табиғат ғажайыбына куә болды, деп жазды жергілікті "Лада" басылымы.

Гало – бұл жарық көзінің айналасында екінші жарқылдың (шеңбер, сақина, доға түрінде) көрінуі. Ол әдетте Күн немесе Айдың айналасында, кейде көше шамдары сияқты басқа да күшті жарық көздерінің айналасында пайда болады. Галоның түрі көп.

Шілде айында Қарағанды ​​облысының тұрғындары аспандағы ерекше, сопақ пішінді бұлттарды байқаған болатын.

Кейінірек Қазгидромет бұл орамды бұлттар (volutus) немесе таңғы глория деп түсіндірді.   

Жаңалықтар
0