Спорт

Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Жартылай ауыр салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарланды, 22 жастағы қазақстандық жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Қазақстандық Танзания боксшысы Ибрагим Маоколамен қолғап түйістірді.

Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланды. Алайда 22 жастағы қазақстандық екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Маокола спорттық мансабында оныншы рет жеңілді.

Маңғыстау облысының тумасы Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионы атанған еді. Біріншілік Ресейдің Екатеринбург қаласында өтті. Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен спортшы "Құрмет" орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Нұрдәулетовтің спортта зор табысқа жететініне сенетінін айтты.