Спорт

Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуБекзат Нұрдәулетов
Бекзат Нұрдәулетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жартылай ауыр салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарланды, 22 жастағы қазақстандық жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Қазақстандық Танзания боксшысы Ибрагим Маоколамен қолғап түйістірді.

Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланды. Алайда 22 жастағы қазақстандық екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Маокола спорттық мансабында оныншы рет жеңілді.

Маңғыстау облысының тумасы Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионы атанған еді. Біріншілік Ресейдің Екатеринбург қаласында өтті. Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

© Photo : Данияр МайлыбаевБекзат Нұрдәулетов
Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді - Sputnik Қазақстан
Бекзат Нұрдәулетов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен спортшы "Құрмет" орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Нұрдәулетовтің спортта зор табысқа жететініне сенетінін айтты.

Жаңалықтар
0