НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады.
"Кездесу барысында желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі жоғары кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды", - деп хабарлады Ақорда.
Еске сала кетсек, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес 14 қыркүйекте құрылған болатын. Мақсаты - елдің тұрақты дамуын жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды қарап, бекіту.
21 қазанда өткен кеңестің бірінші отырысында президент алты жұмыс тобын құруды ұсынды. Олар реформалардың алты бағытын қамтиды.
Жұмыс тобына Жоғары кеңес мүшелерінен бөлек лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйым өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар ене алады.