Экономика

Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел встречу с абаеведами
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с абаеведами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыс тобына Жоғары кеңес мүшелерінен бөлек лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйым өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар ене алады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы өтті.

© Photo : сайт АкордыРеформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады - Sputnik Қазақстан
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы

"Президент реформаның басты алты бағыты бойынша 6 жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобына Жоғары кеңес мүшелерінен бөлек лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйым өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар ене алады", - деп хабарлайды Ақорда.

Жұмыс топтары:

  1. Макроэкономикалық саясат - президент кеңесшісі Сума Чакрабарти басқарады;
  2. Сот және құқық қорғау жүйесі - президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов басқарады;
  3. "Әлеуметтік кодекс" әзірлеу - премьер-министр Асқар Мамин басшылығымен;
  4. Экономиканы диверсификациялау - премьер-министр Асқар Мамин басшылығымен;
  5. Бизнес-реттеу - "Атамекен" ҰКП мен үкімет басшылығымен;
  6. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтер - президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменов басқарады.

Жоғары кеңес

Қыркүйек айында Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Кеңес мақсаты - елдің тұрақты дамуын стратегиялық жоспарлау, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды қарап, бекіту.

Жоғары кеңестің төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал оның орынбасары – сэр Сума Чакрабарти. Бұдан бөлек, кеңес құрамына тағы сегіз адам енді. Олар:

  1. Мамин Асқар Ұзақбайұлы  -  премьер-министр;
  2. Қошанов Ерлан Жақанұлы - президенті әкімшілігінің басшысы;
  3. Досаев Ерболат Асқарбекұлы   - Ұлттық Банк төрағасы;
  4. Келімбетов Қайрат Нематұлы - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
  5. Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы  - Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы;
  6. Исекешев Әсет Өрентайұлы  - президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
  7. Сүлейменов Тимур Мұратұлы  - президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
  8. Құлыбаев Тимур Асқарұлы   - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.
Жаңалықтар
0