Өңірлер

Алматы облысында карантин күшейтілді

Демалыс және мереке күндері сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылады. Бұл күндері олар жеткізу қызметін ұсына алады
Sputnik

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Алматы облысында демалыс күндері тамақтану орындары мен сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, орын саны 30-дан көп қоғамдық тамақтану нысандары мен мейрамханалардың, банкет залдарының қызметі тоқтатылады.

"Сондай-ақ, көрмелер, ойын-сауық орталықтары мен түнгі клуб, қорқор барлары, букмекерлік кеңселер, антикафе мен боулинг орталықтар, компьютерлік клубтардың қызметіне тыйым салынды", - делінген қаулыда.

Бір отбасы мүшелерінен басқа үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеу керек.

Ал қоғамдық тамақтану нысандары орналасқан жеріне қарамастан 30 адамды қабылдап жұмыс істей алады. Көрші үстелдің арасы екі метр болуы керек. Сонымен қатар бір үстелге төрт адамнан артық отыруға болмайды. Олар жұмыс күндері 09.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды 

Демалыс және мереке күндері сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылады. Бұл күндері тамақтану орындары жеткізу қызметін ұсына алады. Сондай-ақ, жабық жердегі азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс істемейді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.