01:36 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1827)
159 0 0

Президент карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Президентке санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері  туралы баяндалды.

COVID-19 індетінің жаңа толқынына дайындық

Асқар Мамин президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Сондай-ақ коронавирус індетінің жаңа толқынына дайындық жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу нысандарына жасанды тыныс беру аппараттары мен оттегі концентраттарын жеткізу, аймақтарды жылжымалы диагностикалық кешендермен, цифрлық рентген-аппараттармен, мобильді топтармен және жедел медициналық көмек көрсету көліктерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 13 аймақтың 10-ында модульдік жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталған, қалған 3 нысан осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі.

Дәрі-дәрмек қоры жасақталды

Мемлекет басшысына республикалық және аймақтық тұрақтандыру қорларының құрылғаны және денсаулық сақтау жүйесіне арналған 91 түрлі дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры жасақталғаны туралы айтылды. Дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау үшін дәріханалардың бөлшек сауда жүйесінде сұранысқа ие 33-тен астам препарат қоры қосымша жасақталуда. 

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР тест сынамаларын алу көлемін арттыру жұмыстары туралы да мәлімет берді. Оның айтуынша, зертханалар саны 124-ке дейін көбейіп, тестілеу қуаты тәулігіне 66 мыңға дейін жетті. Бұл ретте, тұрғындарды тест сынамаларымен қамту 2,5 есе ұлғайтылып, ПТР тест сынамаларын алу құны төмендетілді.

Эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

Бұдан бөлек, Асқар Мамин президентке шекаралық өткізу бекеттерінде, сондай-ақ, көліктің барлық түрі мен инфрақұрылымында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың күшейтілгені туралы баяндады. Сонымен қатар өңірлердегі бизнес субъектілерінің жұмысы біртіндеп қайта қалпына келтірілуде. Осы ретте, аймақта вирус жұқтыру өсімінің тіркелмеуі, тұрақты эпидемиологиялық ахуалдың "жасыл" деңгейде болуы ескеріледі.

Премьер-министр мемлекет басшысына кәсіпкерлерді қолдау, шетелден инвестиция тарту, жұмыспен қамту ісін дамыту және елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендетудің басқа да өзекті мәселелері жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

Президент коронавирус пандемиясының алдағы айлардағы таралуына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пессимистік болжамдарын ескеріп, үкімет белгілеген жоспардың мүлтіксіз орындалуының маңызды екенін атап өтті. Карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1827)

Тақырып бойынша

Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған – видео
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, карантин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып