НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 142 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
Бір тәулік ішінде тек екі өңірде COVID-19-ға шалдыққандар тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандар саны көп, 30 адам. Нұр-Сұлтанда - 20 адам, Павлодар облысында 14 науқас тіркелді.
Түркістан және Қызылорда облыстарында өткен тәулікте COVID-19 анықталған жоқ.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 20
- Алматы қаласы - 10
- Шымкент қаласы - 1
- Ақмола облысы - 12
- Ақтөбе облысы - 2
- Алматы облысы - 5
- Атырау облысы - 5
- Шығыс Қазақстан облысы - 30
- Жамбыл облысы - 3
- Батыс Қазақстан облысы - 9
- Қарағанды облысы - 10
- Қостанай облысы - 7
- Маңғыстау облысы - 3
- Павлодар облысы - 14
- Солтүстік Қазақстан облысы - 11.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 684.
Еске сала кетсек, қарашадан бастап Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Жұма намазына әлі рұқсат берілген жоқ.
Сондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің оқушылары сабаққа барады.