НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді.
Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді.
Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.
Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?
Сондай-ақ театрлардың жұмысы да талқыланды. Залды 30%-ке дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек. Мұнда да әлеуметтік арақашықтық, маска режимі сақталады.