Түсінбеушіліктің себебі қарапайым: Мәскеудің бейбітшілік пен спортқа қарсы ақылға қонымсыз "қылмысы" туралы негізсіз болжамдар антиресейлік күн тәртібін алға жылжыту үшін де, Ресейді "жазалау" мақсатында шаралар қолдану үшін де мағынасыз болып көрінеді, деп жазады РИА Новости.
Сонымен бірге, Вашингтон мен Лондонның бір мезгілде жасаған мәлімдемелері екі ел астанасы ұстанатын ортақ мақсаттардың бар екендігін дәлелдейді.
Ол қандай ортақ мақсат?
Оның шешімін Токио мен Сеулдің айыптауларға қатысты реакциясынан іздеу қажет. Жапония үкіметі осы мәселеге қатысты "тиісті ақпарат" жинауға уақыт қажет екенін алға тартып, түсініктеме беруден бас тартты. Оңтүстік Корея билігі де ештеңе айтпауды жөн санаған сияқты.
Шамасы, екі елдің шенеуніктері мен арнайы қызметтері, яғни, батыстың аймақтағы негізгі одақтастары – АҚШ–Ұлыбритания операциясы туралы алдын-ала хабардар етілмесе керек. Енді бұл мәселеде дұрыс позиция ұстану үшін өзінің бағыт-бағдарын айқындап алуға мәжбүр болуда. Мысалы, Жапонияның Олимпиада комитеті өз жұмысында қандай да бір кибершабуылдың ықпалын сезінбегенін жеткізді.
Сондықтан, жаңа антиресейлік науқан Ресейге емес, басқа әлемге, ең алдымен, батыстың өз ішіндегі бәсекелестерге бағытталуы мүмкін. Русофобиялық күн тәртібі мұндай жағдайда ыңғайлы әрі таныс құрал ретінде пайдаланылып отыр.
Дегенмен, екі державаның әлеуеті орасан салалары әлі де бар. Бұл жерде америкалық әскердің НАТО-дағы басымдығына күмәндануға болмайтыны сияқты, континентальды Еуропадағы бірде-бір БАҚ британдық Times немесе америкалық CNN ақпарат құралдарымен бәсекеге түсуге қабілетті емес. Бұған Twitter мен Facebook сияқты қоғамдық пікірді манипуляциялауға арналған қуатты құралдарды басқару орталығының да мұхиттың ар жағында орналасқандығын мысалға келтіруге болады.
Вашингтонның RT-ге немесе қытайлық TikTok-қа қарсы қатаң саясаты олардың мұндай құрылымдарының маңыздылығын жақсы білетіндіктерін растайды. Бірақ геосаяси қарсыластардың да мықты ресурстарға ие екендігіне үйренген АҚШ олардың өзіндегі жұмысын барынша тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр.
Ал ресейлік блогердің айналасындағы дау-дамай – толығымен Берлиннің идеясы. Бұл жерде Германия стандартты антиресейлік күн тәртібін қолданды, бірақ ол оны "үлкен серіктестерден" тартып алды да, өзінің тәуелсіз ойынында жақсы пайдаланды.
Немістер Навальныйды басқарып отыр. Навальный олар нені қажет деп тапса, соны айтады. Бірнеше күн бойы әлем үшін жаңалықтардың басты қайнар көзі неміс басылымдары болуы – осының дәлелі. Ал ағылшынтілді БАҚ бұл оқиғаның өрбуін неміс бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексөз келтіре отырып, жариялауға мәжбүр болды.
Алайда олар бұл жерде бір антиресейлік тақырыпты басқа антиресейлік тақырыппен алмастырудан басқа жақсы тәсіл ойластыра алмады.
Екі тарап та өте жағымсыз риториканы қолданғанымен, олардың қарама-қайшы көзқарастары Ресейге (және басқа да көптеген елге) тиімді болып отыр. Өйткені ол батыстың өз ішіндегі қақтығыстарды күшейте түседі және оның одан әрі құлдырауына ықпал етеді.
Германияның аз уақытқа болса да әлемдік саяси және ақпараттық кеңістікті өз бақылауына алуы алғашқы бірегей жағдай деп қабылдануы керек. АҚШ пен Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары өз үстемдігін жоғалтуға баяу да болсын дайындалып келеді. Себебі оларға қазір геосаяси бәсекелестер ғана емес, өздерінің жақын одақтастары да қарсы тұруда.