Фото

Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер

Sputnik

Көлдің ұзындығы 80 шақырымды алып жатыр, ал ені 50 шақырым, тереңдігі 1-2 метр ғана. Оның ауданы 1665 шаршы шақырымды құрайды. Қыста тұзды қабаттың жоғары жағына су жиналады, судың тереңдігі бірнеше сантиметрден аспайды. Сол себепті бұл жер бір қарағанда таңғажайып үлкен айна іспетті көрінеді.

Су қоймасының мөлшері айтарлықтай өзгеріп тұрады. Ол екі арық пен жерасты бұлағынан нәр алады. Жылдың ыстық мезгілінде судың едәуір бөлігі буланады, ал көл беті көздің жауын аларлықтай ақ тұзды қабықпен көмкеріледі. Ол арнайы комбайндардың көмегімен өндіріледі.

Көлде үш тұзды шахта орналасқан, олар белсенді түрде тұз өндіреді. Осман империясы тұсында бұл көл ішкі тұтыну мөлшеріне толықтай жауап беретін ең үлкен тұз қайнарына айналды. Қазір Түркияда тұтынылатын барлық тұздың шамамен үштен екісі осы жерде өндіріледі.

Ондаған жыл бойы елде тұтынылатын тұздың негізгі жеткізушісі болып саналған айтарлықтай терең емес табиғи су қоймасы 2001 жылы ерекше қорғалатын аймаққа кірді. Өйткені оның жағалаулары мен аралдарында қоқиқаз, ақмаңдайлы қаз және дала қарақұйрығы ұя салады.

1 / 8
Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
2 / 8
Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
3 / 8
Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
4 / 8
Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
5 / 8
Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
6 / 8
Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
7 / 8
Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.

8 / 8
Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады