Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер

Жазылу
Ежелгі гректер оны Фригия теңізі деп атаған. Ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енген. Көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен  көл – Тұз елдің орта тұсында, Анкарадан 150 шақырым жерде, Анадолының орталығында орналасқан

Көлдің ұзындығы 80 шақырымды алып жатыр, ал ені 50 шақырым, тереңдігі 1-2 метр ғана. Оның ауданы 1665 шаршы шақырымды құрайды. Қыста тұзды қабаттың жоғары жағына су жиналады, судың тереңдігі бірнеше сантиметрден аспайды. Сол себепті бұл жер бір қарағанда таңғажайып үлкен айна іспетті көрінеді.

Су қоймасының мөлшері айтарлықтай өзгеріп тұрады. Ол екі арық пен жерасты бұлағынан нәр алады. Жылдың ыстық мезгілінде судың едәуір бөлігі буланады, ал көл беті көздің жауын аларлықтай ақ тұзды қабықпен көмкеріледі. Ол арнайы комбайндардың көмегімен өндіріледі.

Көлде үш тұзды шахта орналасқан, олар белсенді түрде тұз өндіреді. Осман империясы тұсында бұл көл ішкі тұтыну мөлшеріне толықтай жауап беретін ең үлкен тұз қайнарына айналды. Қазір Түркияда тұтынылатын барлық тұздың шамамен үштен екісі осы жерде өндіріледі.

Ондаған жыл бойы елде тұтынылатын тұздың негізгі жеткізушісі болып саналған айтарлықтай терең емес табиғи су қоймасы 2001 жылы ерекше қорғалатын аймаққа кірді. Өйткені оның жағалаулары мен аралдарында қоқиқаз, ақмаңдайлы қаз және дала қарақұйрығы ұя салады.

© AFP 2024 / Adem AltanТұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
1/8
Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
© AFP 2024 / Adem AltanКоюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
2/8
Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
© AFP 2024 / Adem AltanЕжелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
3/8
Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
© AFP 2024 / Adem AltanКөл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
4/8
Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
© AFP 2024 / Adem AltanБұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
5/8
Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
© AFP 2024 / Adem AltanЖылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
6/8
Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
© AFP 2024 / Adem AltanТұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.

Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
7/8
Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.

© AFP 2024 / Adem AltanБылтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады
Добыча соли на озере Туз в Турции - Sputnik Қазақстан
8/8
Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады
Жаңалықтар
0