НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында осындай шешім қабылданды,деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.
Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:
- мектепке дейінгі балалар мекемелері;
- бильярд және компьютер клубтары;
- ойын-сауық мекемелер;
- банкет залдары;
- түнгі клубтар
Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.