Қоғам

Сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі жұмыс істеуге рұқсат берілді

© Sputnik / Ксения ВоронинаРабота торгово-развлекательных центров в Нур-Султане
Работа торгово-развлекательных центров в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен демалыс күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында осындай шешім қабылданды,деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:

  •  мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  •  бильярд және компьютер клубтары;
  •  ойын-сауық мекемелер;
  •  банкет залдары;
  •  түнгі клубтар

Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

Жаңалықтар
0