НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыдай антициклонның ықпалында қалады, соған байланысты күн ашық болады.
Тек республиканың солтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі.
Дабылды ескерту
13 қазанда күндіз Түркістан облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Өңірлердегі ауа-райы
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
Мегаполистердегі ауа-райы
Нұр-Сұлтанда түнде + 2 + 4 ° C, күндіз: + 13 + 15 ° C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с, бұлтты.
Алматыда түнде + 2 + 4 ° C, күндіз: + 14 + 16 ° C, желсіз және бұлтты.
Шымкентте түнде + 5 + 7 ° C, күндіз + 20 + 22 ° C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, бұлтты.
Оқи отырыңыз: Қазанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжам жасады