Өңірлер

Шымкентте 10 қазаннан бастап көлік картасы сатылымға шығарылады

15 қазаннан бастап электронды төлем жасамайтын жолаушылар 70 теңгенің орнына 100 теңге жолақы төлейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Шымкентте 10 қазаннан бастап қоғамдық көліктерге электронды карта сатыла бастайды. Бұл туралы жолаушылар тасымалына қатысты брифингте мәлім болды.

Картаны қаладағы дүкендер мен өзге де сауда орындарынан сатып алуға болады, деп хабарлады otyrar.kz.  

15 қазаннан бастап электронды төлем жасамайтын жолаушылар үшін 70 теңгелік жолақы 100 теңге болады. Билік өкілдері бұл саладағы көлеңкелі бизнесті жою үшін қолға алынып отырған шара деп отыр.

Оқи отырыңыз: Тараздағы "saparcard" атауы неге өзгерді? 

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесі енгізілгеннен кейін айналасы бірер айдың ішінде жолаушылар тасымалынан түсетін кірісті анықтауға болады дейді.

"Алматыда екі ай ішінде жолаушылар тасымалынан келетін табысты анықтауға мүмкіндік туды. Дифференцалды тарифті осылай енгізбесек, оны анықтау мүмкін емес. Бұл әрбір жолаушы осы жүйеге қатысқанда ғана анықталатын жағдай", - деп түсіндірді қала басшысының орынбасары.