НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресейге барып, Ресей Федерациясыныңүкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Иә, кездесу жоспарланған. Бірақ көрмеге бару ("Золотая осень" – Ресейдің агроөнеркәсіптік көрмесі – Sputnik) жоспарланбаған", - деді Sputnik Қазақстанға үкіметтің баспасөз қызметі.
Ресейдің "Золотая осень" агроөнеркәсіптік көрмесі – бұл агроөнеркәсіптік кешеннің алдыңғы қатарлы жетістіктерін бейнелейтін елдің басты аграрлық форумы.
Биыл 22-ші ұйымдастырылып жатқан "Золотая осень" көрмесі онлайн режимде өтеді. Іс-шараның қонақтары мен қатысушылары өсімдік және мал шаруашылығы, ауылдарды дамыту, агротуризм, аймақтық азық-түлік брендтері саласындағы негізгі жетістіктерді ұсынатын виртуалды экспозицияны көре алады.
Айта кетейік, қазан айының басында Асқар Мамин мен Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.
Екі елдің үкімет басшылары Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Оқи отырыңыз: Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
Сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен үкіметаралық кеңестің отырысы Арменияда 9 қазанға жоспарланған.