Саясат

Қазақстанның премьер-министрі Ресейге барады

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысының Ресей Федерациясына жасайтын сапарының күні мен бағдарламасы әлі нақтыланбаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресейге барып, Ресей Федерациясыныңүкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Иә, кездесу жоспарланған. Бірақ көрмеге бару ("Золотая осень" – Ресейдің агроөнеркәсіптік көрмесі – Sputnik) жоспарланбаған", - деді Sputnik Қазақстанға үкіметтің баспасөз қызметі.

Ресейдің "Золотая осень" агроөнеркәсіптік көрмесі – бұл агроөнеркәсіптік кешеннің алдыңғы қатарлы жетістіктерін бейнелейтін елдің басты аграрлық форумы.

Биыл 22-ші ұйымдастырылып жатқан "Золотая осень" көрмесі онлайн режимде өтеді. Іс-шараның қонақтары мен қатысушылары өсімдік және мал шаруашылығы, ауылдарды дамыту, агротуризм, аймақтық азық-түлік брендтері саласындағы негізгі жетістіктерді ұсынатын виртуалды экспозицияны көре алады.

Айта кетейік, қазан айының басында Асқар Мамин мен Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

Екі елдің үкімет басшылары Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз: Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты

Сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен  үкіметаралық кеңестің отырысы Арменияда 9 қазанға жоспарланған.

Жаңалықтар
0