Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр

Волонтерлер Альцгеймер сырқатына шалдыққан әйел жоғалып кеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, зейнеткер жеңіл киінген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Елордада 70 жастағы зейнеткер 3 қазан күні үйінен шығып, оралмады. 

Lider.kz волонтерлер қозғалысы Промышленный ауылында сенбі күні кешке үйінен шыққан  Бейсенова Мүслима Қадырқызы әлі оралмағанын хабарлады.

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр

Зейнеткердің бойы 150 сантиметр, жасыл көзді, шашы сары, ақ шаш түскен.

Тоқылған күрте, жұқа аяқкиім, көк түсті шалбар, күлгін түсті сырт киім мен қара баскиім киген.

Әйел Альцгеймер мен астма сырқатына шалдыққан, есте сақтау қабілеті нашар.

Зейнеткердің туыстары күн жылы болғандықтан, жеңіл киінгенін айтты. Алайда келесі күні суытып кетті.