НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Елордада 70 жастағы зейнеткер 3 қазан күні үйінен шығып, оралмады.
Lider.kz волонтерлер қозғалысы Промышленный ауылында сенбі күні кешке үйінен шыққан Бейсенова Мүслима Қадырқызы әлі оралмағанын хабарлады.
© Photo : lider.kzБейсенова Мүслима Қадырқызы
Бейсенова Мүслима Қадырқызы
© Photo : lider.kz
Зейнеткердің бойы 150 сантиметр, жасыл көзді, шашы сары, ақ шаш түскен.
Тоқылған күрте, жұқа аяқкиім, көк түсті шалбар, күлгін түсті сырт киім мен қара баскиім киген.
Әйел Альцгеймер мен астма сырқатына шалдыққан, есте сақтау қабілеті нашар.
Зейнеткердің туыстары күн жылы болғандықтан, жеңіл киінгенін айтты. Алайда келесі күні суытып кетті.