Әлем

Қырғызстан Қазақстанмен шекарада бақылауды күшейтті

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте қазақ- қырғыз шекарасында коронавирус жұқтырған тоғыз адам анықталғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қырғызстан бақылау-өткізу пункттерінде санитарлық талаптарды күшейтті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстан денсаулық сақтау вице-министрі Нұрболот Үсенбаевтың айтуынша, бақылау-өткізу пункттеріндегі санитарлық талаптар көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты күшейтілген.

Ол өткен тәулікте 11 476 адам шекарадан өткенін атап өтті. Кейбіреулерінде коронавирус анықталған.

Денсаулық министрі: Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін

"Достық" бақылау-өткізу пунктінде (қазақ-қырғыз шекарасы) 131 адамнан экспресс-анализ алынды. Тоғызының сынамасы оң нәтиже көрсетті, енді олар ПТР тест тапсыруы керек. Коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамдар Қазақстанмен шекарадағы Талас облысында да анықталды" , - деді Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары.

Келгендердің дене қызуы тексеріледі, сонымен қатар олар COVID-19 індетін жұқтырмағанын растайтын анықтама ұсынуы тиіс. Егер жолаушының қолында ондай анықтама болмаса, бақылау өткізу пунктінде тест тапсыруға болады.