НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қырғызстан бақылау-өткізу пункттерінде санитарлық талаптарды күшейтті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Қырғызстан денсаулық сақтау вице-министрі Нұрболот Үсенбаевтың айтуынша, бақылау-өткізу пункттеріндегі санитарлық талаптар көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты күшейтілген.
Ол өткен тәулікте 11 476 адам шекарадан өткенін атап өтті. Кейбіреулерінде коронавирус анықталған.
Денсаулық министрі: Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін
"Достық" бақылау-өткізу пунктінде (қазақ-қырғыз шекарасы) 131 адамнан экспресс-анализ алынды. Тоғызының сынамасы оң нәтиже көрсетті, енді олар ПТР тест тапсыруы керек. Коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамдар Қазақстанмен шекарадағы Талас облысында да анықталды" , - деді Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары.
Келгендердің дене қызуы тексеріледі, сонымен қатар олар COVID-19 індетін жұқтырмағанын растайтын анықтама ұсынуы тиіс. Егер жолаушының қолында ондай анықтама болмаса, бақылау өткізу пунктінде тест тапсыруға болады.