Қоғам

Instagram желісінде үкіметтің атынан ашылған фейк аккаунт пайда болды

@Officialkazakhstangovt аккаунтының парақшасында бір ғана хабарлама жарияланған, алайда парақшаға алты мыңға жуық адам тіркелген
Sputnik

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстан үкіметінің атынан ашылған жалған аккаунт пайда болды, деп хабарлады Stopfake.kz сайты.

@Officialkazakhstangovt аккаунтында бір ғана хабарлама жарияланған, алайда парақшаға алты мыңға жуық адам тіркелген.

Оқи отырыңыз: Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы 

Профиль сипаттамасында оның Қазақстан үкіметінің ресми аккаунты екені жазылған.

"Instagram әлеуметтік желісіндегі @officialkazakhstangovt аккаунтының фейк екенін мәлімдейміз", – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, шынайы ақпарат www.primeminister.kz Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми сайтында, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында жарияланады.

Үкіметтің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтымен мына жерде танысуға болады.