АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстан үкіметінің атынан ашылған жалған аккаунт пайда болды, деп хабарлады Stopfake.kz сайты.
@Officialkazakhstangovt аккаунтында бір ғана хабарлама жарияланған, алайда парақшаға алты мыңға жуық адам тіркелген.
Оқи отырыңыз: Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы
Профиль сипаттамасында оның Қазақстан үкіметінің ресми аккаунты екені жазылған.
"Instagram әлеуметтік желісіндегі @officialkazakhstangovt аккаунтының фейк екенін мәлімдейміз", – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, шынайы ақпарат www.primeminister.kz Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми сайтында, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында жарияланады.
Үкіметтің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтымен мына жерде танысуға болады.