НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда ерекше рәсім жасаумен жұртты шошытқандар іздестіріліп жатыр.
Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды қадап кеткен. Оның айналасында тиындар шашылып жатыр, деп хабарлады КТК.
Күйеуін қайтармақшы болған: баласына он ине тыққан әйел сотталды
Мұндай көрініс бұған дейін де болған. Ол кезде 68 жастағы зейнеткер әйел осы әдіспен аяғын емдеген. Бірақ сол үшін 8 мың айыппұл төлеген. Ал бұл жолғы елдің зәресін алғандар ұсталса да, жауапқа тартылмайды екен.
"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Тек осы нәрсені жасаған адамды анықтауымыз керек. Оның ақыл-есі дұрыс па, бұрыс па, сол жағы тексеріледі. Егер ақыл есінде кемістігі болса, оны психдиспансер сынды мекемеге жібереміз. Алдымен қолға түсіруіміз қажет. Бірақ ол адам ешқандай жазаға тартылмайды", - дейді Қарағанды қалалық ПБ орталық бөлімше бастығының орынбасары Асылбек Сейітжанов.