Өңірлер

"Дуа ма, әлде сиқыр ма?": Түсініксіз рәсім қарағандылықтардың зәресін ұшырды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды төрт-төрттен қадап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда ерекше рәсім жасаумен жұртты шошытқандар іздестіріліп жатыр.

Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды қадап кеткен. Оның айналасында тиындар шашылып жатыр, деп хабарлады КТК.

Ас пышағы төрт-төрттен төрт жерде қадалып тұр. Үрейі ұшқан тұрғындар бұның не үшін жасалғанын түсінбей жатыр. "Дуа ма, әлде сиқыр ма?" деп бас қатыруда. Ал мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Соңғы мәрте жасалған түсініксіз рәсім бұқараның тіптен зәресін ұшырды. Өйткені соңғысында пышақты жерге кесілген бауырмен бірге қадаған. Қазір оның қай жануарға немесе аң-құсқа тиесілі екені анықталуда.

Күйеуін қайтармақшы болған: баласына он ине тыққан әйел сотталды

Мұндай көрініс бұған дейін де болған. Ол кезде 68 жастағы зейнеткер әйел осы әдіспен аяғын емдеген. Бірақ сол үшін 8 мың айыппұл төлеген. Ал бұл жолғы елдің зәресін алғандар ұсталса да, жауапқа тартылмайды екен.

"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Тек осы нәрсені жасаған адамды анықтауымыз керек. Оның ақыл-есі дұрыс па, бұрыс па, сол жағы тексеріледі. Егер ақыл есінде кемістігі болса, оны психдиспансер сынды мекемеге жібереміз. Алдымен қолға түсіруіміз қажет. Бірақ ол адам ешқандай жазаға тартылмайды", - дейді Қарағанды қалалық ПБ орталық бөлімше бастығының орынбасары Асылбек Сейітжанов.

Жаңалықтар
0