Қоғам

Өткен тәулікте үш өңірде коронавирус жұқтырғандар көп тіркелді

Коронавирус расталғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстанда анықталғаны хабарланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып отыр.

Басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстанда анықталғаны хабарланды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 3
  • Алматы қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 3
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 9
  • Шығыс Қазақстан облысы - 20
  • Батыс Қазақстан облысы - 7
  • Қарағанды облысы - 5
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6
  • Түркістан облысы - 3.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 920. 

Сондай-ақ, өткен тәулікте 209 адам коронавирустан жазылып шықты.

2020 жылдың наурызынан бері елде 100 627 адам сырқаттан айықты. 1 634 науқас қайтыс болды.