НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып отыр.
Басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстанда анықталғаны хабарланды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 3
- Алматы қаласы - 2
- Ақмола облысы - 3
- Ақтөбе облысы - 1
- Алматы облысы - 3
- Атырау облысы - 9
- Шығыс Қазақстан облысы - 20
- Батыс Қазақстан облысы - 7
- Қарағанды облысы - 5
- Қостанай облысы - 2
- Павлодар облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6
- Түркістан облысы - 3.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 920.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 209 адам коронавирустан жазылып шықты.
2020 жылдың наурызынан бері елде 100 627 адам сырқаттан айықты. 1 634 науқас қайтыс болды.