Оқиға

Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды

Жолаушының созылмалы сырқаты болған. Қазіргі уақытта полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу бастады
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек — Sputnik. Fly Arystan әуе компаниясының Алматы - Қостанай рейсі кезінде 70 жастағы жолаушы ұшақ бортында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше оқиға сәрсенбі, 9 қыркүйек күні сағат 17:34-де болған. Ер адамның созылмалы сырқаты болғаны айтылып отыр.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етілмейді.

Куәгерлер жергілікті "НК" басылымына бұл оқиға үшін ұшақ бір сағатқа кешіккенін айтқан болатын.