АЛМАТЫ, 10 қыркүйек — Sputnik. Fly Arystan әуе компаниясының Алматы - Қостанай рейсі кезінде 70 жастағы жолаушы ұшақ бортында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше оқиға сәрсенбі, 9 қыркүйек күні сағат 17:34-де болған. Ер адамның созылмалы сырқаты болғаны айтылып отыр.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етілмейді.
Куәгерлер жергілікті "НК" басылымына бұл оқиға үшін ұшақ бір сағатқа кешіккенін айтқан болатын.