Қоғам

COVID-19: Қазақстанда бір аптада 46 адам көз жұмды

Қайтыс болғандар саны Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен астанада көп. Барлығы коронавирустан 1 634 адам көз жұмды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. 31 тамыз және 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 46 адам қайтыс болды.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен астанада ең көп жағдай тіркелді.

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 7
  • Алматы қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 6
  • Алматы облысы - 6
  • Атырау облысы - 1
  • Шығыс Қазақстан облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 8
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 1.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 1 634 адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде коронавирустан 4 892 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатса, 2 212 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 142 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 16 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.