НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. 31 тамыз және 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 46 адам қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен астанада ең көп жағдай тіркелді.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 7
- Алматы қаласы - 4
- Ақмола облысы - 6
- Алматы облысы - 6
- Атырау облысы - 1
- Шығыс Қазақстан облысы - 8
- Батыс Қазақстан облысы - 3
- Қарағанды облысы - 8
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 1 634 адам көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде коронавирустан 4 892 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатса, 2 212 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 142 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 16 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.