АЛМАТЫ, 6 қыркүйек - Sputnik. Елдің басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік және батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.
Дабылды ескерту
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қостанай облысында да қатты жел болады, тұман түседі.
Елордада таңертең және күндіз 15-20 м/с жел болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең - тұман. Желдің жылдамдығы - 18 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел болады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыс және батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Атырау облысында қатты жел мен шаңды дауыл болады. Күндіз өрт қаупі жоғары.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада түнде: +6+8°C, күндіз: +13+15°C. Желдің жылдамдығы - 9-15 м/с.
Алматыда жаңбыр жауады. Түнде:+11+13°C, күндіз +20+22°C.
Шымкент қаласында жауын-шашынсыз. Түнде +11+13°C, күндіз +25+27°C.