Өңірлер

Алты өңір мен астанада дабылды ескерту: дүйсенбіге арналған ауа райы

© AP Photo / Mark SchiefelbeinДевушка в маске под зонтом спускается в подземный переход
Девушка в маске под зонтом спускается в подземный переход - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" синоптиктері елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжап отыр. Оңтүстік пен батыста ғана жауын-шашынсыз

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек - Sputnik. Елдің басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік және батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.

Дабылды ескерту 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай облысында да қатты жел болады, тұман түседі.

Елордада таңертең және күндіз 15-20 м/с жел болады.

Ақмола облысында түнде және таңертең - тұман. Желдің жылдамдығы - 18 м/с.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел болады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыс және батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында қатты жел мен шаңды дауыл болады. Күндіз өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде: +6+8°C, күндіз: +13+15°C. Желдің жылдамдығы - 9-15 м/с.

Алматыда жаңбыр жауады. Түнде:+11+13°C, күндіз +20+22°C.

Шымкент қаласында жауын-шашынсыз. Түнде +11+13°C, күндіз +25+27°C.

Жаңалықтар
0