Әлем

Ханзада мен президенттің арақатынасы кімдерді алаңдатады

Пандемиядан кейінгі әлем көшбасшыларының алғашқы ауқымды кездесуі қараша айының соңында Эр-Риядта өтеді
Sputnik

"Үлкен жиырмалық" саммиті теориялық тұрғыдан кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ, бетпе-бет сөйлесуді аңсайтын мемлекет басшылары қиындыққа толы жылдың соңында кездесу мүмкіндігінен бас тартпайтын сыңайлы. Саммит иесі 84 жастағы Салман король болғанымен, меймандарды оның ұлы әрі тақ мұрагері – 34 жастағы Мұхаммед қарсы алатын болады. Қонақтардың бірі – осымен үшінші рет Сауд Арабиясына сапар шеккен Ресей президенті Владимир Путин болмақ, деп хабарлайды РИА Новости. 

Ресей мен Сауд Арабиясының геосаяси жақындасуы соңғы жылдардағы маңызды қарқынның бірі. Оның әлдеқайда жарқын дәлелі ретінде мұнай нарығындағы әріптестікті атауға болады. ОПЕК+ келісімі 2016 жылдың соңынан бері жүзеге асырылуда. Осы жылдың наурыз айында тараптар оны ұзарту параметрлері бойынша бір мәмілеге келе алмады. Бірақ, мұнай бағасы құлдырағаннан кейін сәуір айында жаңа келісім жасады. Алайда, мұнай екі тараптың жақындасудың бір ғана жалғыз бағыты емес. 

Ресей мен АҚШ Арктикаға таласып жатыр ма?  

Сонау 20-30-шы жылдары КСРО жас корольдікке белсенді көмектескен шақта, олар жарты ғасырға озып кеткен болатын. Сауд монархиясы АҚШ-тың жақын одақтасы болды да, КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынас үзілді. Оның үстіне, араб әлеміндегі толассыз революциялар да отқа май құйғандай еді. 80-шы жылдары моджахедтерге көмек ретінде Ауғанстан жеріндегі кеңестік әскерлермен күресу арабтар үшін қасиетті соғысқа айналды.

Алайда, КСРО құлдырап, Эр-Риядқа әлеуметтік қауіп төндіретін басқа ешкім болмады. Ал проблемалар жойылудың орнына еселене түсті. Осылайша, 90-шы жылдары саудтықтар Мәскеумен қарым-қатынасты реттеуге біршама қадамдар жасады.

Америкалықтар Ирак пен Ауғанстанның аумағында өз билігін жүргізуге тырысқан шақта Сауд Арабиясы Иран мәселесі бойынша Мәскеумен байланыс орнатуға тырысты. Эр-Рияд үшін иран-ресейлік ынтымақтастықты орнатпаудың маңызы зор болды. Себебі, Тегеран басты қарсылас пен қауіп төндіруш ретінде қабылданды. Негізінен, саудтықтардың басты проблемасы ирандықтармен емес, америкалықтармен, атап айтқанда, олардың Таяу Шығыстағы саясатымен байланысты болды.

2001 жылы болған терактіден кейін америкалықтар Таяу Шығысқа қарқынды ене бастаса, бұл саудтықтарды аса қуанта қойған жоқ. Сондықтан, Сауд Арабиясы АҚШ-қа тәуелділікті әлсіретіп, Батыстан алшақтауы керек болды.

АҚШ Ресейдің ақталғанын қалайды – сарапшы пікірі

2000 жылдардың ортасында саудтық жетекшілер, соның ішінде, Вашингтондағы бұрынғы елші әрі барлау қызметінің басшысы, Бандар ханзаданың Мәскеуге сапары жиіледі. 2007 жылы Эр-Риядқа алғаш рет Ресей президенті іссапармен барды. Сондықтан, екі елдің қарым-қатынасы жақын уақытта жаңа деңгейге көтеріледі деп болжауға болар еді. Бірақ, саудтық басшылықта проамерикалық және антиамерикалық қос стратегияның күресі жүріп жатты. Антиамерикалық саясатты ұстанатындар АҚШ-пен қарым-қатынасты үзуге қарсы болып, есесіне, Қытай және Ресеймен байланысты арттыруды көздеді. Жалпы, 2011 жылы басталған "араб көктемі" корольдік үшін қауіп-қатерді ұлғайтты: араб әлемінің елдері бірінен соң бірі саяси қиындықтарға ұшырап жатты.

Осы жағдайда америкалықтар істі бақылауына алып, ең құрығанда, көмек қолын созады деген үміт көкке ұшты. 2013 жылы саудтықтар америкалықтардың бос уәде беріп келгеніне көздері жетті. Олар мұны Барак Обама Асадтың барлық қызыл жолақтан асқан әс-әрекетіне қарамастан, Сирияға зымырандық бомба тастаудан бас тартқан кезде толық түсінді. Саудтықтардың Вашингтонға деген қара қазандай өкпесі арабтардың 2013 жылдың қыркүйегінде екі жылдық мерзімге созылатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі орыннан бас тартуына себепші болды.

Олар Сириядағы антиасадтық оппозицияны қолдауды жалғастырғанымен, Асадтың құлдырауының орнына Сирия мен Ирак аумағында *ИГИЛ пайда болуының куәгері болды. 

Дәл осы шақта Эр-Риядта Абдулла король қайтыс болып, 2015 жылдың қаңтарында оның кіші інісі Салман таққа отырады. Алайда, елдегі бірінші тқлға 29 жастағы ханзада – Мухаммед бин Салман болады. Ол, сондай-ақ, қауіпсіздік министрі және тақ мұрагерінің орынбасары қызметіне кіріседі. Жазда Салман Ресейге келіп, Путинмен кездеседі. Одан кейінгі жылдары ханзада Ресей Федерациясына жиі келіп тұрады. Алайда, бірінші іссапар екі ел қарым-қатынасында басты рөл ойнады. Бұл кездесудің кейбір деректері Вашингтондағы федералдық сотқа талап арызбен шағымданған канадалық тұрғынның оқиғасын жазған The Guardian-да белгілі болды.

Қауіпсіздік кеңесі: кибершабуылдың 75 процентін АҚШ жасайды

Неге дәл осы аумақта? Себебі, саудтық барлау жетекшілерінің бірі Мухаммед ханадаға қатысты талап арыз жолдаған болатын. Саад аль Джабри баяғыда-ақ Канадаға бас сауғалап, қашып кеткен болатын. Енді ханзаданы өзін өлтіргісі келіп жатыр деп айыптап отыр.

Бұл айтылғандар сол кезде-ақ өте күлкілі болғанымен, шындық одан да шытырманға толы екен. Мухаммед ханзада Сирияда орыстардың атысуына еш қарсы болған жоқ. Ол орыстар Сирия жерінде пайда болғанға дейін де қарсылық білдірмеген. Сондықтан, Сауд Арабиясы Ресейге қарай бет түзеп, америкалықтардың қарсылығын елеген жоқ:

"Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мухаммед бин Салман 2015 жылдың жазында елдің сыртқы саясатын өзгертіп, Сирия аумағындағы Ресейдің әскери операцияларына рұқсат берді. Бұл жөнінде Канадаға қарай қашқан бұрынғы барлаушы Саад әл Джабридің федералдық сотқа ұсынған құжаттарында көрсетілген. Джабри Сириядағы Мәскеу әрекеттеріне оң көзқараспен қарауы сол кезде ОБҚ директоры қызметін атқарған Джон Бреннанды алаңдатты.

Талап арызға сәйкес, 2015 жылғы шілде мен тамыз айларында Бреннан Джабримен әңгіме барысында "Ресей сириялық аумақтағы соғыстың бір бөлігі болмаған кезден-ақ Салман Сирияға ресейлік басқыншылықты қолдап отыр" дегенді нұсқаған".

Экс-барлаушы ОБҚ басшысының алаңдауы туралы ақпаратты ханзадаға жеткізген сәтте Салман ашуға булыққанын айтты. Оның жұмыстан кетуі және корольдіктің барлау қызметіндегі жұмыстан аластатылуы және кейіннен елден Канадаға қашуына дәл осы Бреннанмен кездесулері себепші болған. Ал оның Ресейге қатысты бағыт-бағдарын өзгертуге Біріккен Араб Әмірліктерінің басқарушысы шейх Мухаммед ибн Зейд себепші болған:

"Батыс дипломаттары ханзада Мухаммед қорғаныс министрі болғаннан кейін оның әкесі таққа отырған сәттен бастап оған Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мухаммед бен Зейдтің ықпалы зор болды. 2015 жылғы оқиғалармен таныс ақпарат көзі ханзада Мухаммед пен шейх Мухаммед Әбу-Дабидегі "Idex" – қару-жарақ жәрмеңкесі кезінде кездескенін хабарлады. "Бұл Мухаммед бин Салманның көзқарасы ел ұстанымдарында шешуші рөл ойнайтын кездесу болды", - деп айтты ақпарат көзі. Мухаммед Сириядағы "Мұсылман бауырлар"* революциясының қаупі Парсы бұғазы монархиясының көзқарасы бойынша Асадтың тірі қалуынан да қорқынышты болғанын мәлімдеді. Шейх Мухаммед "Мұсылман бауырлардың"* Сириядағы қаупі орасан екенін айтып, оларға АҚШ көмектесіп отырғанын мәлімдеді...

АҚШ әскері Еуропаның шығысында неге дайындалып жатыр?

Шейх жаңа одақтар құрып, Қытай мен Ресейге бет бұру қажеттілігін баса айтты. Шейх Мухаммед бин Зейдтің ресейлік президент Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста екені де белгілі болды".

Саудтық ханзада 2015 жылғы 18 маусмыда Путинмен сөйлескеннен кейін бұл жөнінде Штаттағылар құлағдар болып, ОБҚ басшысы Бреннан әл Ждабриге өз наразылығын білдірген. Джабри бұл жөнінде ханзадаға мәлімдеген кезде Мухаммед америкалықтардың қысымына қатысты ашуланып, Джабри екі тарапқа да "қызмет етіп жүргенінен" сезіктене бастаған. Сондықтан, Джабри қызметтен кетіп, кейіннен, Канадаға қарай қашқан.

Әрине, арнайы қызметтің қашқын жетекшісіне толықтай сенуге болмайды. Бірақ, бұл жағдайда Мухаммед ханзаданың Ресейге қарай мойын бұрғанына қатысты оқиға шындыққа жанасатын секілді. Айтылған мәліметтерді жария ету саудтық ханзада үшін тиімді емес. Егер, америкалықтар осы әдісі арқылы ханзадаға қысым көрсеткісі келсе, мұның әсері керісінше болары анық.

Осы жылдың көктемінде англосаксондық БАҚ Путин мен Мухаммед ОПЕК+ жаңа мәлімдемесіне қатысты қатты ұрысып, ханзада ресейлік президентке дауыс көтергені жайлы "жария ақпарат" жазды. Осы әңгімеге Вашингтонды да қыстыра кетті: Трамптың күйеубаласы саудтық ханзаданың ұрысқа деген ұстанымы жайлы хабардар болған, бірақ, оны тоқтатпапты-мыс. Осының барлығы Мәскеу мен Эр-Рияд арасын ажыратуға бағытталғанымен, ол ой жүзеге аспады. Себебі, Мухаммед пен Путин мұнай туралы жаңа мәміле жайында келісті. Қараша айында Эр-Риядта Путин мен Мухаммед кезекті кездесуді жоспарлап отыр.

*Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар