Әлем

АҚШ Ресейдің ақталғанын қалайды – сарапшы пікірі

Жазылу
Әскери саясаттанушы Александр Перенджиев америкалықтар қарсы тарапты жасамаған әрекеті үшін айыптауды әдетке айналдырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Ақ үй Ресейді Сирияда екі ел арасындағы қақтығыстарды болдырмау жөніндегі хаттаманы бұзды деп айыптып отыр. Sputnik радиосының эфирінде "Ресей офицерлері" сарапшылар кеңесінің мүшесі, әскери саясаткер Александр Перенджиев осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

АҚШ ресейлік әскерилерді Сириядағы америкалықтар зардап шеккен жол апатына себепші болды деп айыптап отыр.

"Сирияның солтүстік-шығысында ресейлік автокөлік АҚШ басшылығындағы коалицияның броньдалған машинасына соқтығысты. Соның салдарынан машинадағы экипаж мүшелері жарақат алды", - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Уллиоттың мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, қақтығыс болмау үшін америкалық броньды автокөлік оқиға орнынан кетіп қалған.  

Вашингтондағылар "мұндай қауіпсіз әрі кәсіби емес әрекеттер" қақтығысты тоқтату туралы ресейлік-америкалық келісімге қайшы екенін айтты.  

Уллиот АҚШ эскалацияны қаламайтынын, бірақ, "жау әрекетінен өзін-өзі қорғауға айнымас құқығы" бар екенін де атап өтті.  

Ресейлік тарап бұл айыптарды жоққа шығарды. РФ ҚК Бас штабының басшысы Валерий Герасимов мәлім еткендей, халықаралық коалиция Сирияда ресейлік әскерилер легі жүретіні туралы алдын ала хабарландырылған.

Осыған қарамастан, АҚШ әскери қызметшілері ресейлік патрульдің жолын кесуге әрекет жасады.

"РФ ҚК әскери полициясы оқыс оқиғаны болдырмау және алға қойылған міндетті орындау бойынша қажетті шаралар қабылдауға мәжбүр болды", - деді қорғаныс министрлігінің мамандары.

Sputnik радиосының эфирінде Плеханов атындағы РЭУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті, "Ресей офицерлері" сарапшылар кеңесінің мүшесі, әскери саясаттанушы Александр Перенджиев америкалықтар қарсы тарапты жасамаған әрекеті үшін айыптауды әдетке айналдырғанын айтты.    

"Жалпы, АҚШ алаяқтық әдіске көшті: олар өздері қандай да бір келісімді, мәмілені бұзады да, сол құжат талаптарын бұзды деп әп-сәтте Ресейді айыптайды. Яғни, мұндай кезде ең мықты қорғаныс – шабуыл деген ұстанымға жүгінетін сияқты. Олар біздің ақталғанымызды қалайды. Орыстар ақталсын, ал, біз әрі қарай да келісімшарттарды бұзуды жалғастыра береміз және сүттен ақ, судан таза қалпымызда қаламыз деген ойлары бар. Бұл әшкерелеуді қажет ететін қулыққа толы алаяқтық әдіс. Ресейлік тарапты айыптаған жағдайларда өздері кінәлі болып отыр. Олар халықаралық құқықты өз қалауларына қарай бұрмалауда", - деді Перенджиев.

Жаңалықтар
0