НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Елордада жедел жәрдем көлігі "Астана Опера" театрының жанындағы жаяу жүргіншілер көпіріне соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 тамыз сағат 8.29-да болды.
Hyundai маркалы автокөліктің рөлінде 1976 жылғы жүргізуші отырған.
"Дабыл белгісі қосылған жедел жәрдем көлігі Қабанбай батыр даңғылы жағынан Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатып, жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылды", - деп мәлімдеді департаменттен.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.