НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Елордада жедел жәрдем көлігі "Астана Опера" театрының жанындағы жаяу жүргіншілер көпіріне соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 тамыз сағат 8.29-да болды.
Hyundai маркалы автокөліктің рөлінде 1976 жылғы жүргізуші отырған.
© Photo : Instagram / megapolis.kzЖол апатынан зардап шеккендер жоқ
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ
© Photo : Instagram / megapolis.kz
"Дабыл белгісі қосылған жедел жәрдем көлігі Қабанбай батыр даңғылы жағынан Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатып, жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылды", - деп мәлімдеді департаменттен.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.