Америкалық БАҚ Джо Байденнің жақында АВС телеарнасына берген сұхбатында танытқан батыл шешімі мен ұстанымына тәнті болып отыр. Мұндай сүйсінуге Джо Байденнің эпидемия тағы да жалғасқан жағдайда экономикалық белсенділіктің ауқымды шектеуі бар жалпыұлттық қатаң карантин енгізуді көздегені себепші болып отыр, деп жазады РИА Новости.
Politico басылымы былай деп жазды:
"Демократтардың атынан сайлауға түсетін үміткер Джо Байден коронавирустың ел ішінде таралуына жол бермеу үшін барлығын, қажет болса, АҚШ экономикасын бұғаттап тастауға да дайын екенін мәлімдеді. "Мен экономиканы "сөндіріп" қоя тұрар едім. Ғалымдардың айтқанына құлақ түрер едім. Біз адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз", – деді Байден АВС тілшісі Дэвид Мьюирге. Байденнің бұл пікірі осы уақытқа дейін 175 мың АҚШ азаматының өмірін жалмаған вирустың таралуымен күресетін қатаң шараларды нұсқап тұр".
Демократиялық партия мен Байден коронавируспен күресте ең батыл қадамдарға бара алатын короновирусқа қарсы күресушілер ретінде өздерін сайлаушыларға "сатқысы" келеді. Мұндағы басты мақсат қазір әрекет етуші биліктің экономикалық шектеулерді созуға, америкалықтарға үйден шығуға тыйым салуға, бетперде тағуға мәжбүрлеуге деген құлшынысының болмауы салдарынан өліп кеткендердің жүгін арқалаған жауыз ретінде көрсету.
Демократиялық партияның бақылауындағы АҚШ-тың кейбір өңірлерінде билік өкілдерінің амал-әрекеттері адамды жаға ұстатады. Мысалы, Лос-Анджелесте жергілікті мэрия үйдегі той-жиынға тыйым салғанымен қатар, мұндай шектеулерді бұзған азаматтардың жылуы мен суын және кәріз жүйелерін өшіріп тастауда.
Америкалық ақпараттық алаңнан тыс өмір сүретін азаматтар үшін бұл психозды түсіну қиынға соғады. Бірақ Трампқа қарсы жұмыс жасайтын америкалық БАҚ үлкен нәтижеге қол жеткізді. Мысалы, Franklin Templeton қаржы компаниясы эпидемияға қатысты қоғам ішінде сауалнама жүргізіп, мынандай тұжырымға келді:
Мұны жай ғана қалыпты сақтық деп қабылдауға болар еді. Бірақ жоғарыда аталған қатты алаңдаушылар гигиенаны сақтау мен бетперде тағуды жақтаушылар емес, мектеп, бизнес, мемлекеттік мекемелердің жабылуын және толық қауіпсіздік орнағанға дейін қалыпты өмірді ысырып қоюды қалайтындар қатарында.
Franklin Templeton сауалнамасына тапсырыс берушілер әлеуметтік желі мен мейнстримдік БАҚ тұтынушыларының арасында кеңінен таралған мұндай психозды басшылыққа алған Байден сайлауда жеңіске жетсе, америкалық экономиканы "сөндіруге" уәде етті.
Ал экономиканы сөндіру оны өлтірумен тең екені белгілі.
"Бүтіндей бір елді бұғаттау сіздерге айына ЖІӨ үш процентіне айналады. Сондықтан, әлемнің ең бай елдерінің өзі екі-үш ай толық бұғаттауда болуға тәуекел ете алмайды", – деді UBS швейцариялық банкінің Азия-Тынық мұхиты өңірінің акциялар бөлімінің басшысы Хартмут Иссель.
Эпидемиямен күресті саясиландырмаған және сайлау науқанындағы мәселеге айналдырмаған елдердегі жағдай бірқалыпты қабылданады: экономиканы толық тұралатып қоюға болмайды. Бұл жөнінде Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэр, Siemens компаниясының жетекшісі Джо Кэзер және Франция премьері Жан Кастекс секілді түрлі бизнесмендер мен саясаткерлер мәлімдеген болатын.
АҚШ бұл мәселеде еш ерекшеленіп тұрған жоқ. Себебі, ол экономиканы алғашқы рет сөндіруден кейін әлі ес қиған жоқ. The New York Post хабарламасына сәйкес, "Нью-Йорк тұрғындары тегін тамақтану үшін Квинсте ұзын кезекке тұруға мәжбүр".
Ресми мемлекеттік бағалауларға сәйкес, АҚШ-тағы халықтың тең жартысы жұмыссыз. Дәл осы жағдайда Джо Байден мен оның саяси технологтары сайлаушыларды коронавируспен одан бетер үрейлендіріп, оларға дертке қарсы қатаң шара қолданамыз деген уәдемен дауыстарына ие болуды көздеп отыр.
Eurasia Group халықаралық ірі саяси консалтингтік компанияның иесі Ян Бремер әділетті сипаттама бергендей, электорат Байденге қарағанда Трампқа сенім артып отырған жалғыз мәселе – экономика және Байденнің бұл мәлімдемесі қазіргі президенттің сайлау науқанына қосымша мүмкіндік беруі ықтимал.