НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 14, ал пневмониядан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте 230 адам коронавирус жұқтырса, 730 адам пневмонияға шалдықты.
Қазақстанда індет басталғалы (13 наурыздан) барлығы 104 543 адамда коронавирус диагнозы расталды. 1 510 науқас қайтыс болды.
1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 22 660 адамға жетті, 256 пациент көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады
Қазір коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 53 бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр, 6 229 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда.
Науқастардың арасында 333 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 75 пациент хәл үстінде жатыр. 57 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.