Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАуруханадағы жасанды тыныс алдырту аппараты, архивтегі сурет
Ауруханадағы жасанды тыныс алдырту аппараты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикада он екі мыңға жуық адам коронавирустан емделуде, науқастардың жартысы стационарларда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 14, ал пневмониядан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте 230 адам коронавирус жұқтырса, 730 адам пневмонияға шалдықты.

Қазақстанда індет басталғалы (13 наурыздан) барлығы 104 543 адамда коронавирус диагнозы расталды. 1 510 науқас қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 22 660 адамға жетті, 256 пациент көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады

Қазір коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 53 бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр, 6 229 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда. 

Науқастардың арасында 333 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 75 пациент хәл үстінде жатыр. 57 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0