Оқиға

Алматыда бес адам жол апатына түсті, арасында жаңа туған сәби де бар

Екі көліктің соқтығысынан кейін екі ересек пен екі бала, соның ішінде жаңа туған сәби ауруханаға жатқызылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Алматыда бес адам жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол-көлік оқиғасы Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болды. Қиылыста бұрылған Toyota Camry көлігі Lada Granta-ға жол бермеген. Салдарынан Lada жүргізушісі қатты жылдамдықпен Toyota көлігінің бүйіріне соғылды.

Тағы оқыңыз: Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео

Lada Granta көлігінде отырған бес адам – үш ересек және екі бала (2010 және 2020 жылғы) зардап шекті.

Жолаушылардың бірі алғашқы медициналық көмектен кейін, үйіне жіберілді. Қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды.