НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Алматыда бес адам жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол-көлік оқиғасы Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болды. Қиылыста бұрылған Toyota Camry көлігі Lada Granta-ға жол бермеген. Салдарынан Lada жүргізушісі қатты жылдамдықпен Toyota көлігінің бүйіріне соғылды.
Тағы оқыңыз: Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Lada Granta көлігінде отырған бес адам – үш ересек және екі бала (2010 және 2020 жылғы) зардап шекті.
Жолаушылардың бірі алғашқы медициналық көмектен кейін, үйіне жіберілді. Қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды.