НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын бөлісті.
Елдің басым бөлігінде ертең ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте ғана жауын-шашынсыз.
Батыста шаңды дауыл, солтүстік пен орталықта тұман болады.
Дабылды ескерту
Маңғыстау, Түркістан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Дүйсенбі және сейсенбі күндері Ақтөбе облысында күндіз бұршақ түседі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында дүйсенбі күні желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ түседі.
17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.
Дүйсенбі күні Ақмола облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
17-18 тамызда Қарағанды облысында дауыл және тұман болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елорадада 17 тамызда түнде және таңертең күн күркіреп, жел күшейеді. Түнде плюс 13-15 градусов, күндіз - 22-24 градус жылы.
Алматыда түнде плюс 19-21, күндіз - +31-33 градус.
Шымкентте күн алабұлтты. Түнде 19-21 градус жылы, күндіз 31-33 градус ыстық.