Өңірлер

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуГрад
Град - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің басым бөлігінде ертең ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте ғана жауын-шашынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын бөлісті.

Елдің басым бөлігінде ертең ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте ғана жауын-шашынсыз. 

Батыста шаңды дауыл, солтүстік пен орталықта тұман болады. 

Дабылды ескерту

Маңғыстау, Түркістан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Дүйсенбі және сейсенбі күндері Ақтөбе облысында күндіз бұршақ түседі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында дүйсенбі күні желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ түседі.

17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. 

Дүйсенбі күні Ақмола облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

17-18 тамызда Қарағанды облысында дауыл және тұман болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы 

Елорадада 17 тамызда түнде және таңертең күн күркіреп, жел күшейеді. Түнде плюс 13-15 градусов, күндіз - 22-24 градус жылы.

Алматыда түнде плюс 19-21, күндіз - +31-33 градус.

Шымкентте күн алабұлтты. Түнде 19-21 градус жылы, күндіз 31-33 градус ыстық.

Жаңалықтар
0