Оқиға

Алматыда төтенше оқиға салдарынан екі адам мерт болды

Оқиға Түрксіб ауданында болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті себебін анықтап жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 тамыз — Sputnik. Алматыда жер үйде екі адам тірідей өртеніп кетті.

Алматыда төтенше оқиға салдарынан екі адам мерт болды

Куәгерлердің айтуынша, Түрксіб ауданы Волочаев көшесіндегі 399-шы үйде өрт болған. Баспана толықтай өртенді. Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды.  

Төтенше оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды

Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтайтын болады.