АЛМАТЫ, 12 тамыз — Sputnik. Алматыда жер үйде екі адам тірідей өртеніп кетті.
© Sputnik / СтрингерШамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды

Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды
© Sputnik / Стрингер
Куәгерлердің айтуынша, Түрксіб ауданы Волочаев көшесіндегі 399-шы үйде өрт болған. Баспана толықтай өртенді. Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды.
Төтенше оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.
Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтайтын болады.