НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы қаласының полицейлері зираттың екі қызметкеріне қатысты тергеу бастады. Екеуі де жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңгені заңсыз талап еткенін мойындады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер бөліміне сегіз адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстарының ақшасынан бөлек тағы 70-80 мың теңгеге дейін қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де бермеген. Сөйтіп, ақшаны заңсыз иемденген.
Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке-жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде ақшаны заңсыз жинаудың алдын алу үшін басқа да жерлеу орындары тексеріледі.
Тағы оқыңыз: Төрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды